
Образование
14.12.2023
"Құқықтық жауапкершілік"
Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚР ҚК) 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік белгіленді. ҚР ҚК 274-бабы жалған ақпараттың таралуын қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын ретінде айқындайды.
