Образование
13.11.2022
"Ахмет Байтұрсынұлына, оның 150 жылдығына".
11 қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған тәрбие жұмысы аясында сынып жетекшісі С.С. Шмалий қазақ ғалымы - лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы және ақын Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған танымдық сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты: тіл білімінің негізін қалаған қазақ ағартушысының шығармашылығын дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар саяси публицистің өмірі мен шығармашылығынан, оның қазақ жазуын реформалауға қосқан үлесі туралы қызықты фактілермен танысты.
